Жалпы ата-аналар жиналысы » Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252) 93-201
Есепші бөлімі:
+7(72252) 93-201
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2025

Жалпы ата-аналар жиналысы

📚 Жалпы ата-аналар жиналысы өтті!

22.05.2025 күні мектебімізде оқу жылының қорытындысына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

⠀КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Оқу-тәрбие процесінің жылдық қортындысы туралы есеп.
2.Мектеп түлектерімен (меншік нысанына қарамастан) және олардың ата-аналарымен оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде барлық талаптарды, тәртіп ережелері мен нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы түсіндіру:
- іс-шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып серуендер өткізуге, банкеттер, сыйлықтар және т.б. Ұйымдастыруға тыйым салу туралы.
3. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын ұйымдастыру және қауіпсіздігін (жол-көлік оқиғалары, өрт қауіпсіздігі, суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, терезеден құлау т.б.) қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар.

💬 Ата-аналар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Ашық пікір алмасу — мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді көпір екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

📅 Алда жазғы демалыс! Балаларымызға сәттілік пен шуақты күндер тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DKG67WRNNZ5/​​​