05
май
2025
Мектеп формасы туралы ата-аналарға!
АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
Жаз-жаңа оқу жылына дайындалу уақыты! Балаңызды жаңа оқу жылына қажетті мектеп киімімен, оқу құралдарымен, оқулықтарымен алдын-ала қамтамасыз етіңіз.
Мектеп формасы
Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтарда № 26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.
Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.

- Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
- Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі,түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
- Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
- Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
- Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.