Мектеп шежіресі » Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252) 93-201
Есепші бөлімі:
+7(72252) 93-201
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Мектеп шежіресі


М.Әуезов атындағы орта мектебінің шежіресі 


     Қасқабұлақ өңірінде алғаш бастауыш мектеп ашылмас бұрын, Күлмен ауылдық советінің "Шолақ-еспе" ауыл шаруашылығы артелінде 1926 жылдан бастауыш мектеп жұмыс жасады. "Шолақ-еспе" бастауыш мектебінің оқытушысы болып Жармұхаметов Жақсылық жұмыс жасады. Кейіннен "Құндызды" ауылында атақты шопан болып, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталды. 

   1930 жылдан "Ералы" қорығында жаңа ауыл (Ақшоқы) жастар мектебі жұмыс жасай бастады. Мектепте оқушы болып Семейдің пед. Техникумын бітірген әдебиетші Бөпебай Тұлғажанұлы (1901-72ж) қызмет атқарды, 

   1933 жылы "Қасқабұлақ" бастауыш мектебі ашылып, мектеп мұғалімі болып Социалистік Еңбек Ері Шабдан Әлмағанбетов жұмыс жасады. Осы үшін мектеп 1940-41 оқу жылына дейін Күлмен ауылы советі бойынша жастарды оқыту жұмысын жүргізе берді. Қасқабұлақ бастауыш мектебінде 1933-34 және 1934-35 оқу жылдарында Шабдан Әлмағанбетов, 1935-36 және 1936-37 оқу жылында Сыдықов Кенжеғали, 1937-38 және 1938-39 оқу жылдарында Әлдекин Қабыш, 1939-40 жаңа оқу жылына дейін Темірғалиев Ораз деген азаматтар қызмет жасады. "Қасқабұлақ" бастауыш мектебінен 1933 жылы білім алған алғашқы түлектері: 

  1. Серікжанов Әбусағит – Ұлы Отан соғысында қаза тапты. 
  2. Асқаров Мырзахан – 1959 жылы қайтыс болды. 
  3. Тұмабайев Қасымбек – Ұлы Отан соғысында қаза тапты. 
  4. Дәуітов Бектеміс – 1992 жылы қайтыс болды.
  5. Уабеков Төлеужан – 1947 жылы қайтыс болды. 
  6. Кремжанов Қапас – 1940 жылы қайтыс болды. 
  7. Имаханов Әбдеш – дербес зейнеткер. 
  8. Құрманғалиев Тлеужан – 2004  жылы қайтыс болды. 
  9. Әлмағанбетов Уәлихан -   Ұлы Отан соғысында қайтыс болды.

         Қасқабұлақ бастауыш мектебі 1940-41 оқу жылында орталау, Күлмен ауылы Советінің атына байланысты. Күлмен орталау мектебі деп аталды. Мектеп директоры болып орта дәрежелі педагогикалық білімі бар Рахымбаев Әлхан тағайындалды. Бұл кісі 1942 жылы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты. Биология, тарих пәнінің оқытушысы болып Маралбаев Сейтқали, орыс тілі, математика пәнінің мұғалімі болып Әзкин Жұманбай қызмет істеді. Сол кезде мектепте "63" оқушы болды. Мектептің жетінші сыныбын "14" оқушы бітірді.

  1. Бөрібаев Тұрғали                                                   8. Қамбарбаев Дәукен 
  2. Имаханов Әбдеш                                                   9. Тәңірбергенов Кәкітай 
  3. Уабеков Төлеухан                                                10. Дәуітов Бектеміс 
  4. Серікжанов Әбусағит                                          11. Сарматаев Қадыр 
  5. Тұмабаев Қасымбек                                              12. Есентуғанов Ақылтай 
  6. Әлмағанбектов Әлихан                                         13. Сайділдин Байдолла 
  7. Қасабаева Ақжамал                                                14. Уабекова Мәстура

      1941-42 оқу жылдарында мектептің ұстаздары Рахымбеков Әлхан, Әлдекин Қабыш, Маралбайев Сейітқалилар Отанды қорғауға аттанды. Мектеп дирекиоры болып Әзікенов Жұманбай тағайындалды. Олардың орнына алты айлық курсты бітірген "4" әйел мұғалімдер келді. Олар: 1. Қасенова Шәмен 2. Жасанбайева Ләтифа 3. Әділшайхина Нұрниса 4. Гибдуллина Маймуна 

    1941-42 оқу жылдарында тоғыз оқушы мектепті бітірді. Осы оқушылардың ішінде Қарсақбаев Бақдаулет ұзақ жылдар М.Әуезов орта мектебінде мұғалім болып қызмет жасады. 

    1942-43 оқу жылында мектептің жетінші сыныбын он оқушы бітірді. Бұл оқушылардың ішінде Зиятов Жұмағаділ М.Әуезов орта мектебінде ұзақ жылдар мұғалім, тәрбие ісінің орынбасары болып жұмыс жасады, мектеп шежіресін жазуға үлкен ат салысты. 

    1943-44 оқу жылдарында мектептің жетінші сыныбын он бес оқушы бітірді. Бұл оқушылардың ішінде Байзақов Байғали, Рахымбеков Ұлықбектер зейнет демалысына шыққанға дейін ұстаздық қызмет атқарды. Исабаев Бекен мектеп директоры, М.Әуезов Бөрлідегі мұражайының директоры. "Ұлылар мекені" атты тарихи кітаптың авторы. 

     1944 – 45 оқу жылын жеті оқушы бітірді. Бұл оқушылардың ішінде Әбділманов Уәлхан ұзақ жылдар жоғарғы оқу орнында ұстаз, ректорлық қызмет атқарып профессорлық атақ алса. Орынғазы (Таппас) Желдыбаев 1955-57 жылдары Күлмен орталау мектебінде мұғалімдіктен бастап шаруашылықта басшылық жұмыста еңбек етіп, мұғалімдіктен зейнет демалысына шықты. 

     1945 – 46 оқу жылында жетінші сыныпты он екі оқушы бітірді. Бұлардың ішінде Қарамендин Толымхан, Мырзақасимов Ғани, Мұқтарова Биқан, Асқарова Гауһар, Ахатова Марзиялар білім берудің саласында ұстаздық, басшылық қызметтер атқарды. Мусин Шайхслям Социалистік Еңбек Ері атанды. 

   1946 – 47 оқу жылында мектепке директор болып көп жылдар педагогикалық қызмет пен шұғылданған 1939 жылы "Қызыл жұлдыз" орденімен наградталған Мырзағарин Құмар тағайындалды. Осы оқу жылында жеті оқушы жетінші сыныпты бітірді. 

    1947 – 48 оқу жылдарының аяғында Мырзағарин Құмар директорлық қызметтен кетіп, оның орнына жоғары дәрежелі білімді Аблуллин Шарапат тағайындалды. Мектептің бұрынғы шәкірттері Мырзақасимов Медеухан, Нұрғалиева Рыскендер өздері оқыған мектепке ұстаз болып оралды. Мектепті тоғыз оқушы 

1949-1950 оқу жылының басына дейін Абдуллин Шарапат директор болып тұрды да, оқу жылын Исабеков Тәуірбектің директорлық етуімен бастады. Бұл оқу жылында алты оқушы бітірді. Олардың ішінде Омарханова Нұрпиза 40 жылдай ұстаздық етіп зейнет демалысына шықты. Бекен Имаханов "халық әртісі" дәрежесіне жетті. 

     1950 – 51 оқу жылының басында директорлық қызметке Тәуірбек Исабековтың орнына жоғары дәрежелі білімі бар Слямханов Әсемхан тағайындалды. Оқу жылының екінші жартысында бұл адам басқа қызметке ауысуына байланысты орнына директорлық қызметке Исабаев Бекен тағайындалды. Осы оқу жылында жетінші сыныпты тоғыз оқушы бітірді. 

    1950 – 52 оқу жылында жетінші сыныпты 12 оқушы бітірді. Бұл оқу жылында бітірушілердің ішінде Боранбаев Демеухан ұзақ жылдар ұстаздардың ұстазы – мектепте директор болып қызмет жасап зейнет демалысына шықты. 

    1952 – 53 оқу жылының үшінші тоқсанында Бекен Исабаевтың орнына Қоқымбаев Қайнолла мектеп директоры болып тағайындалды. Осы оқу жылында 23 оқушы мектепті бітірді. Бұл оқушының ішінде Төлеуқоңыров Тұрарбек мектеп мұғалімі, совхоз кәсіподақ комитетінің төрағасы болып, өзі оқыған ауылда ұзақ жылдар қызмет жасады. 

    1953 – 54 оқу жылында "16" оқушы бітірді. Бұл оқушылардың ішінде Омархаов Еңбекшіл мектепті үздік бітіріп, Семейдің медициналық институтын бітірді. Осы институтта ұстаздық қызмет жасады. 

      1954 – 55 оқу жылында 17 оқушы бітірді.

      1955 – 56 оқу жылында 10 оқушы бітірді.

      1956 – 57 оқу жылында 20 оқушы бітірді.

    1957 – 58 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып Тыныбаев Демесін тағайындалды. Мекептің бұрынғы директоры Қайнолла Қоқымбаевты ауылдық партия комитеті ауыл шаруашылығына қызметке жіберді. Тыныбаев Демесін мектеп директоры болып 1957 – 58 оқу жылынан 1962 – 63 оқу жылына дейін қызмет атқарды. Осы оқу жылында мектепті 12 оқушы бітірді. 

     1959 – 60 оқу жылынжа жетінші сыныпты 12 оқушы бітірді. Мектеп бітіруші Дүйсенова Тиышты ұстаздық жолды таңдап зейнет демалысына шыққанға дейін жас ұрпаққа білім берді. 

    1960 – 61 оқу жылында мектептің жетінші сыныбын 10 оқушы бітірді.

    1961 – 62 оқу жылынан бастап мектеп сегіз жылдық программаға көшірілді. \

    1962 – 63 оқу жылында сегізінші сыныпты 13 оқушы бітірді. Бұл оқушылардың ішінде Имаханова Жаңылтай ұстаздық жолды таңдады. Осы оқу жылында 55 балалық бюджеттік интернат ашылды. Интернат меңгерушісі болып мектеп мұғалімі Жұмағаділ Зиятов тағайындалды. 

   1963 – 64 оқу жылында Д.Тыныбаевтың орнына мектеп директоры болып ортадан жоғары білімі бар Қарамендин Толымхан тағайындалды. Осы 1963 – 64 оқу жылында Күлмен сегіз жылдық мектебі жаңа мектеп үйінде оқитын болды. 1963 жылдың 5 ноябрь күні мектептің жаңа үйі пайдалануға берілді. Осы жаңа мектептің алғашқы түлектері: 

  1. Түсіпбеков Мұхаметжан 
  2. Сұлейменов Тоқтархан 
  3. Мақаева Нағызхан 
  4. Әбдіраемова Фарида 
  5. Бекібаев Берліхан 
  6. Жікенова Рымбала
  7. Аубакирова Аманғайша 
  8. Смағұлов Бақытжан 
  9. Төлеукина Рымкеш 
  10. Жакупов Аманғазы 


  1964 – 65 оқу жылында сегіз жылдық мектепті 11 оқушы бітірді. Осы жылы мектеп түлегі Рахымбекова (Мұхтарғалиева) Сәуле өзі оқыған мектептен мұғалімдік қызметтен зейнетке шықты. 

  1965 – 66 оқу жылында совхоз дирекциясы шопан – бақташылардың балаларына арнап 80 балалық жаңа интернат үйін берді. Осы оқу жылында мектепті 15 оқушы бітірді. 

  1966 – 67 оқу жылында мектептің сегіз жылдық сыныбын 12 оқушы бітірді. 

  1967 – 68 оқу жылында мектепті 19 оқушы бітірді. 

  1968 – 69 оқу жылында осы мектептің түлектері: Аубакирова Тлеуғайша химия – биология мамандығы бойынша білім алып мұғалім болып келді. Осы оқу жылында мектептің сегізінші сыныбын 15 оқушы бітірді. Бұл оқушылардың ішінде Қылышбаева Семейғаным ұстаздық жолды таңдады. Осы жылы Күлмен сегіз жылдық мектебінде білім алған 6 қыз бала аудан жастарына үндеу көтеріп, аудан орталығындағы №113 училищеге оқуға аттанды. 

Олар:    1. Ғалымова Шынар 

  2. Зиятова Фатима 

  3. Аубакирова Аманғайша 

  4. Ғылымова Гүлнар 

  5. Ермұғаметова Нұрзия 

  6. Жармағанбетова Рымжан 

  Осы оқу жылында Т.Қарамендиннің орнына химия – биология маманы Еркінғали Абдуахитов директор болып келді. 

   1969 – 70 оқу жылын 21 оқушы аяқтады. 

   1970 жылдың жаз айында Күлмен сегіз жылдық мектебі Күлмен орта мектебіне айналды. 1970 – 71 оқу жылы мектеп есігін он жылдық болып ашты. Бұл күн Қасқабұлақ көршілес Архат ауылы балаларымен ата – аналары үшін қуанышты күн болды. 9 – сыныпқа осы мектептің 8 – сыныбын бітірген 18 оқушы және Архат сегіз жылдық мектебінің 8 – сыныбын бітірген 9 оқушы келді. Оныншы сыныпқа Қасқабұлақ ауылының тоғызыншыны басқа мектептерде оқыған 12 оқушы, Архат ауылынан 6 оқушы келді. Оқу жылының басында мектепке 14 класс комплектісі болып, мектепке 360 оқушы қамтылды. Жаңадан мектептке қызмет істеуге мына мұғалімдер келді. Дұйенова Тиышты, Түсіпов Марклен, Омарова Рыстай, Исаханов Қайырхан. Оқу – тәрбие ісінің меңгерушілері болып Қарамендин Толымхан, Зиятов Жұмағаділ, интернат меңгерушісі болып Қоқымбаев Қайнолла тағайындалды. 

   1970 – 71 оқу жылында Күлмен орта мектебінен бірінші рет оныншы сыныпты 18 оқушы бітірді. Олар: 

  1. Айтаев Құрметжан 
  2. Алпысбаев Абайжан 
  3. Әлмағанбетова Салтанат 
  4. Әлімбекова Назархан 
  5. Бекбаева Данагүл 
  6. Еребеков Айбек 
  7. Елшібекова Зәуреш 
  8. Жармағанбетова Күмісжан 
  9. Қоқымбаев Мұрат 
  10. Мұратханов Шәріпхан 
  11. Нұғыманбеков Шәріпхан 
  12. Молдағалиева Қарлығаш 
  13. Исаханова Бақан 
  14. Сағындықова Бақыт 
  15. Серікбеков Қазбек 
  16. Уабеков Кәрім 
  17. Әлханова Зүбила
  18. Слятаев Кәден 

       Оқушылардың жазғы демалысын пайдалана отырып мектебімізде тұңғыш рет өндірістік бригада ұйымдастырылды, бригаданы мектептің оқу – тәрбие ісінің меңгерушілері Қарамендин Толымхан, Зиятов Жұмағаділ басқарды. Бригданың құрамында 6 – 9 кластың 48 оқушысы қатысып шөп шабу науқанында 15.06 – нан бастап 16.08 – ке дейін екі ай бойы жұмыс істеді. Бригадада совхозбен жасаған келісімшарттағы 5000 тонна шөптің орнына 5510 тонна етіп артығымен орындап шықты. Совхоз дирекциясын бригадада болған 48 оқушыға түгелдей бағалы сыйлықтар тапсырды. 

    1972 – 73 оқу жылында мектепке 388 оқушы қамтылды, 16 класс комплекті болды. Осы оқу жылы интернат меңгерушісі болып мұғалім Сыбанбаев Мұса тағайындалды. Жаңа оқу жылына мұғалім болып орыс тілінің маманы Зура Атекенова және Жакеева Гүлмира, қазақ тілі маманы Құсайнова Ғайнижамал келді. Осы оқу жылында оныншы класты 15 оқушы бітірді. 

   1973 – 74 оқу жылында барлық сабақтар кабинеттік жүйеге көшті. Класс комплектісі 17 болып, бала саны 403 оқушыға жетті. 112 оқушы мектеп жанынадағы интернатқа орналастырылды. Осы оқу жылында мектепке физика пәнінің мұғалімі болып осы мектептің түлегі Имаханов Ерлан, орыс тілінен Аубакирова Нұрсұлу, қазақ тілі әдебиетінен Нұрғалиева Торғай, ән – күй пәніне Мейманова Гүлманар келді. Осы оқу жылында мектептің 10 класын 17 оқушы бітірді. Осылардың ішінен 1 оқушы Алпысбаева Гүлжан  "Алтын медалмен" бітіріп шықты. Бұл Күлмен орта мектебінеде тұңғыш алтын медалға бітірген оқушы. Сонымен қатар Құсайнов Бекен мен Рахымбекова Мәдениет мұғалімдік мамандық алып, өз еңбек жолдарын білім алған мектептерінен бастады. 

  1974 – 75 оқу жыылында мектепке 429 оқушы қамтылды. Осы оқу жылында мектепке сурет – сызу пәнінен Өтепбаев Нұрбұлан, әдебиет пәніне Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы университетті бітірген Қоқымбаев Айбек, биология пніне Мұқанова Шарбандар келді. Осы оқу жылында мектепті 11 оқушы бітірді. Бұлардың ішінде Қарамендин Сәбит қазір осы мектепте мұғалім болып қызмет жасайды.

   1975 – 76 оқу жылында 432 оқушы мектепке қамтылды. Осы оқу жылында мектепке хим – биолог Өтепбаева Әдия, шет тілі маманы Әділханова Үмітхан, дене тәрбиесі пәніне Рахметов Сайлау мұғалім болып қызметке келді. Осы оқу жылында 10 оқушы мектептің оныншы класын бітірді. Бұл жылы мектеп өмірінде болған бір жаңалық және аудан мектептерінің ішінде жаңа бастама осы мектеп бітірушілер өздерінің класс жетекшілері Исаханов Қайырханның басқаруымен "Сұңқар" комсомол жастар бригадасын құрды. 

    1976 – 77 оқу жылында мектепке қызмет істеуге бастауыш класының маманы осы мектептің түлегі Рахымбекова Бейбіт және бастауыш әскер даярлық пәніне Құрманғалиев Тұрсынхан мұғалім болып келді. 1976 – 77 жылғы оқу жылында 15 оқушы орта білім алып шықты. 

   1977 – 78 оқу жылында мектепке 471 оқушы қамтылды. Жаңа оқу жылында мектепке мұғалім болып бастауыш кластың мұғалімі Желдыбаева Бақыт, тарих пәнінен Сағадиева Рузия келді. Осы оқу жылында 10 сыныпты 15 оқушы бітірді. 

     1978 – 79 оқу жылында оқушы саны 481 болды. Осы оқу жылында орыс тілі әдебиеті пәнінен Төлепбергенова Салатанат және физикадан осы мектептің түлегі Құрманова Гүлғайша мұғалім болып келді. Сондай-ақ ән – күй пәніне Қарсақбаева Гүлсара келді. 1978 – 79 оқу жылының қаңтар айында мұғалімдерге аттестатция жүргізіліп мектептен 13 оқушы қатысты. Оқытушы Тілеубекова Сарабибі Қазақ ССР оқу министрінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Қамажанова Қайша "Халық ағарту қызметінің озық қызметкері" атағын алды. Осы оқу жылының желтоқсан айында бастауыш әскери пәнінің мұғалімі Құрманғалиев Тұрсынхан совхоздың комсомол комитетінің төрағасы болып, орнына совет армиясы қатарынан келген Имаханов Тұрлан, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдігіне Дайырбеков Аян тағайындалды. 1978 – 79 оқу жылында орта мектепті 35 оқушы бітірді. Бұлардан Құсайнова Роза, Қарамендина Мархабат, Түсіпова Гүлшат, Аубакирова Айгүл мектепті жақсы бітіріп, мұғалімдік мамандық алып, әр мектептерде мамандықтары бойынша сабақ беріп жүр. 

  1979 – 80 оқу жылында мектепке осы мектепке осы мектептің түлкетері Абдуахитова Гүлжан, Құсайнова Рыспану бастауыш кластардың маманы болып келді. Қазақ тілі әдебиеті пәнінен мектеп түлегі Төлеуқоңырова Нұргүл келді. Осы оқу жылында 21 оқушы мектеп бітірді. Осы түлектерден Қарақабақова Рысжан, Сыбанбай Инабат өз бітірген мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 

   1980 – 81 оқу жылында мектепке жаңадан мына оқытушылар келіп қызмет істеді. Бастауыш кластың мұғалімі болып Түсіпова Кәмшат, шет тілдер пәнінен Ермухаметова Нұргүлсім, пионер вожатый болып Имаханова Шолпан, машина тану пәнінен Оралтаев Сәкен. 1 қараша күні Күлмен орта мектебінде аудан мектептерінің директорларының семинары өткізілді. 1980 – 81 оқу жылында орта мектепті 31 оқушы бітірді. Осылардан Рахымбаева Жұлдыз мұғалімдік мамандықты таңдады. 

  1981 – 82 оқу жылында мектепке төмендегі мұғалімдер келді. 

Ротфус Роза – шет тілдер маманы 

Абдуахитов Миржан – физика маманы 

Нұртазина Күміс – математика маманы 

Қарамендина Салтанат – музыка маманы 

Рахымбекова Мәдениет – қазақ тілі маманы 

Құсайнов Бекен – әдебиет маманы 

Асхатов Қыдырбек – машина тану маманы 

   Осы оқу жылында 32 оқушы мектеп бітірді. Осы жолғы мектеп бітірушілер Әкімжанов Арнұр, Төлеуқоңырова Айгүлдер өзі оқыған мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет жасады. 

   1982 – 83 оқу жылында мектептің оқушылар коллективінде төмендегідей өзгерістер болды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Қарамендин Толымханның орнына қазақ тілі әдебиеті пәнінің маманы Ибраев Қазбек тағайындалды. Орыс тілі әдебиет пәнінің мұғалімі болып Қайырбаева Айтжамал, бастауыш класқа Мұқатаева Гүлнар, физика пәніне Абдуахитова Оразтгүл, бастауыш әскери даярлық пәніне кіші лейтинант Дәуітов Зәмензайт келді. 1983 жылдың 14-22 сәуір аралығында совхоз дирекциясының қолдауымен мектепке алғаш рет сол кездегі 15 одақтас республикасының ортақ астанасы Москва қаласына оныншы класты бітіруші 26 оқушы туристік саяхатпен барып қайтты.  Бұл оқушыларды мектеп бастауыш комсомол ұйымының хатшысы Рахымбекова Мәдениет, әскери даярлық пәнінің мұғалімі Дәуітов Замензайт, класс жетекшісі Смағұлова Гүлнар бастап барды. 1982 – 83 оқу жылында 28 оқушы мектеп бітірді. 

    1983 – 84 оқу жылында мектепке Данағұлова Факия қазақ тілі пәніне Ильяшова Айкен математика, Исмағұлова Сара шет тілінен мұғалімдік қызметке келді. Оразалина Қуандық "Халық ағарту ісінің озық қызметкері " атағын алды. 

1 – желтоқсаннан бастап интернат меңгерушілігіне Дайырбеков Аян тағайындалды.1 желтоқсан 1983 жылы мектеп директоры Абдуахитов Еркінғали өз өтініші бойынша қызметтен босап. Мектеп директорлығына оқу ісінің меңгерушісі Ибраев Қазбек тағайындалды. Оқу ісінің меңгерушілігіне М.Әуезов орта мектебінде осы қызметті атқарған Ақтайлақ Желдыбаев тағайындалды. Жолдасы Бекқожина Бақтыгүл орыс тілі пәнінің мұғалімі болып келді. 1983 жылдың қазан – желтоқсан айларында аудан мектептері арасында оқушылардың "Көркем өнерпаздар" жарысы өтті. Күлмен орта мектебі екінші орын алып "Құрмет грамотасы" мен бағалы сыйлықтар алды. 25 наурыз бен 4 сәуір аралығында 10 класты бітіретін 28 оқушы және Қарсақбаев Бақдәулет, Түсіпов Марклен, Төлеуқоңырова Нұргүл бастап Москва қаласына он күндік саяхатқа барып келді. Оқу жылының аяғында мектептің директоры Ибраев Қазбектің орнына Ақтайлақ Желдыбаев тағайындалды. Осы оқу жылында 37 оқушы он жылдықты бітірді. Бұл оқушылардың ішінен Мұхаметжанов Сейділ мектепті өте жақсы, Тиыштықбаев Ерсін жақсы аяқтап, С.Мұхаметжанов – қазақтың мемлекеттік университетінің, Е.Тиыштықбаев Семейдің пед. институтының студенті болды. 

    1984 – 85 жаңа оқу жылын екі қабатты жаңа мектепте бастау мақсатында маусым айынан бастап мектептің жоғары кластарынан 42 мүшесі бар өндірістік құрылыс бригадасы құрылды. 6 щілдеге дейін бригаданы оқытушылар Сәуле Мұхтарғалиева, Гүлнар Смағұлова басқарса, 6 шілдеден 25 тамызға дейін Дәуітов Замензайт басқарды. 

   Жаңа оқу жылы басталар алдында мектепке жоғарғы оқу орнын бітірген бір топ жас мұғалімдер келді. Олар: 

  1. Имаханов Марат – сызу – графика пәнінен 
  2. Айтқазин Аман – дене тәрбиесі пәнінен 
  3. Кеңесова Күләш – физика – математика пәнінен 
  4. Әзілханова Гүлшат – математика пәнінен 
  5. Қарақабақова Рысжан – бастауыш класс
  6.  Айтқазина Күләш – бастауыш класс 
  7. Нұрпейісова Меңдігүл – қазақ тілі әдебиеті 

Сонымен қоса Берденқұлова Үмітжан сурет – сызу пәніне қызметке келді. 15 тамыз 1984 жылы математика пәнінің мұғалімі Түсіпов Марклен оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1 – қыркүйек күні алғашқы қоңырау салтанатты жиыны жаңа мектеп үйінің залында өткізілді. Жаңа мектеп үйінің құрылысы 18 қыркүйекте аяқталып, 19 қыркүйек күні жаңа мектеп үйі салтанатты түрде ашылды. 1984 – 85 оқу жылының 12 – 18.05 күндерінің аралығында М.Әуезов совхозының қаражатымен 9 – 10 кластардың 27 оқушысы Москва – Ленинград сапары бойынша туристік саяхатқа барып қайтты. Олармен бірге жетекшілік жасап үш мұғалім Зиятов Жұмағаділ, Смағұлова Гүлнар, Қарамендин Толымхан барды. 1984 – 85 оқу жылында 10 класты 20 оқушы бітірді. Осы оқушылардың ішінен Ахметжанов Серік клең бестік бағаға бітірді. Осы жылы Ахметжанов Серік және Қорғанбаева Гүлжан Семейдегі технологиялық институтқа түсті. Зиятова Маржан, Сайлаубаева Нұргүл өздері бітірген мектепте жас ұрапаққа білім берді. 

   1985 – 86 оқу жылында мектепке төмендегі мұғалімдер қызметке келді. 

  1. Аубакирова Айгүл – математика пәні 
  2. Қарамендина Мархабат – математика пәні 
  3. Қалиева Орынтай – математика пәні 
  4. Құсайнова Роза – қазақ тілі әдебиеті пәні 
  5. Құсайнова Шайза – неміс тілі пәні 
  6. Қарақабақова Мәдина – бастауыш класс
  7. Имахан Парман – әскери даярлық пәні 
  8. Хамзина Оралбике – қазақ тілі әдебиет пәні 

  Осы оқу жылында август маслихаты үстінде бастауыш кластың мұғалімі Рахымбекова Бейбіт "Қазақ ССР оқу ісінің үздігі" атағымен наградталды. 

   1 желтоқсан 1985 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Зиятов Жұмағаділ өз өтініші бойынша босап, бұл орынға жоғары білімді, қазақ тілі әдебиетінің маманы Нұрпейісова Меңдігүл тағайындалды. Осы оқу жылының 28 ақпан – 2 наурыз күндері Күлмен орта мектебінде аудан мектептері арасында "Қазақша күрестен" жарыс өткізілді. Жиыны 12 мектептен 178 оқушы қатысты. 14 түрлі салмақ категориясы бойынша Күлмен орта мектебінен 26 оқушы қатысты. Аудан мектептері бойынша шығарылған қорытындыда I орын Абай орта мектебіне, ІІ орын Күлмен орта мектебіне, ІІІ орын Ж.Молдағалиев орта мектебіне берілді. 19 наурыз – 1 сәуір аралығында 10 кластың 24 оқушысы және класс жетекшілері Атекенова Зура, Рахымбекова Мәдениет Севастополь, Симпераполь қалаларына 12 күндік саяхатқа барып қайтты. 

   1985 – 86 оқу жылында мектепті 38 оқушы бітірді. Олардан 4   пен 5-ке бес оқушы бітірді. Олар: Құсайнова Гүлжан, Көкеев Ерғазы, Асхатова Толқын, Аймұхаметова Сандуғаш, Кәрімбекова Бақытжамал. Осы түлектердің ішінде Әкіманов Жақыпбек, Құсайнова Гүлжан өз оқыған мектептерінде мұғалім болып, алғашқысы мектептің тәрбие ісін басқарды. 

   1986 жылдың жаз айында совхоздан 3 фермасында мал азығын дайындайтын оқушылардың өндірістік бригадасы жұмыс істеді. Бригаада құрамында 32 оқушы, бригаданы басқарған оқытушы Ибраев Қазбек, Қарамендин Толымхан. Бес оқытушы трактормен мал азығын дайындады. Олар: Дәуітов Заметай, Айтқазин Аман, Асхатов Қыдырбек, Құсаинов Бекен, Имаханов Марат. 

   1986 – 87 оқу жылында мектепке жаңадан төмендегідей оқытушылар келді. Исабекова Динагүл – бастауыш сынып, Әзмағанбетов Бауыржан – физика, Смағұлова Гүлнар – математика пәні. 

    Осы оқу жылында алғаш рет 6 жасарлардан 1 класқа келуі басталды. 21-22 қазан күндері аудан мектептері бойынша Күлмен орта мектебінде "Бастауыш әскери даярлық" пәні бойынша семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің директорлары мен ббастауыш әскери даярлық пәнінің жетекшілері қатысты. Әскер даярлық пәнінің жетекшісі Имаханов Парманның жұмысы жоғары бағаланды. 

21-23 ақпан күндері Күлмен орта мектебінде аудан мектептері арасында "Қазақша күрестен" жарыс өтті. Күрес қорытындысы бойынша І орын Күлмен орта мектебі, ІІ орын Спорт мектебі, ІІІ орын Абай орта мектебі жеңіп алды. 

     Осы жылғы мектеп бітіретін 10 класс оқушыларынан 23 оқушы Москва қаласына 28 наурыз – 7 сәуір аралығында саяхатқа барып қайтты. Оларды 10 кластардың жетекшісі Абдуахитов Еркінғали, Аубакирова Айгүл, еңбек пәнінің инспекторы Ибраев Қазбек басқарып барды. 

   1986 – 87 оқу жылында 29 оқушы 10 класты бітірді. Осы түлектердің ішінен Қонақаева Жібек, Құрманғалиева Самалдар мұғалімдік институтты бітіріп, өз мектептерінде алдыңғы қатарлы ұстаздар. 

    Мектеп директоры Желдыбаев Ақтайлақ қызметтен босап 22 сәуір күнгі жиналыста мектеп директоры болып Қуатбаев Төкен тағайындалды. 

   1987 – 88 оқу жылында жоғарғы білімді сурет – графика факультетін бітірген Мәженов Бекен оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды. Осы оқу жылы басталарда мына төмендегі мұғалімдер басқа жұмысқа ауысыт: 

  1. Дәуітов Замензайт Күлмен селолық советінің секраторлығына тағайындалды. Жоғарғы білімді Дайырбеков Аян З.Дәуітовтың орнына интернат меңгерушісі болып тағаайындалды. 
  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Нұрпейісова Меңдігүл Абай аудандық оқу бөліміне методис болып кетіп оның орнына жоғарғы білімді Исмағұлова Сара тағайындалды. 
  3. Исабекова Динагүл, Құсайнова Роза Абай орта мектебіне, аудандық оқу бөліміне қызметке ауысы. 

Оқу жылының басында мектепке жаңадан келген мұғалімдер. 

  1. Ахметжанова Шолпан – орыс тілі маманы 
  2. Мусина Қаламқас – қазақ тілі маманы 
  3. Сыбанбаева Бағдат – тарих маманы 
  4. Ғылымбаева Лаура – қазақ тілі әдебиет пәні маманы 

  1987 – 88 оқу жылында 10 класты бітіретін 28 оқушы Москва, Ленинград қалаларына барып қайтты. Саяхатқа барған оқушыларды класс жетекшілері Бекқожина Бақтыгүл, Мұқанова Шарбан жетекшілік жасап апарып қайтты. 

    1987 – 88 оқу жылында 41 оқушы мектеп бітірді. Осы оқушылардың ішінде Мұқатаева Анар күміс медалмен бітіріп шығып Семейді медициналық институтына түсті. Ибраев Әділет технологиялық иститутқа, Карменова Самал М.Әуезов атындағы пед.училищаға түсті. 

   1988 – 89 оқу жылында мектепке төмендегі мұғалімдер қызметке келді. 

  1. Рахымбекова Жұлдыз – физика пәні бойынша 
  2. Зиятова Маржан – бастауыш кластарға 
  3. Түсіпова Гүлшат – сурет – сызу пәні бойынша 
  4. Таутанова Бақтыгүл – музыка пәні бойынша 
  5. Жұманов Жанат – химия пәні бойынша 
  6. Жұманова Разия – бастауыш кластарға 
  7. Рахымбеков Бекболат – тәрбие ісінің меңгерушісі болды. 

 18 ақпан 1989 жылы мектепте қазақша күрестен "Социалистік Еңбек Ері Ш.Әлмағанбектов" атындағы жүлде үшін аудан мектептері арасында жарыс болды. Аудан бойынша 10 мектептен 170 палуан қатысып Күлмен орта мектебі І орынға шықты. 

   1988 – 89 оқу жылында мектепті 37 оқушы бітірді. Олардың ішінде Мұқатаева Айзат күміс медалға бітірді. 1989 жылы орыс тілі пәнінің мұғалімі Қайырбекова Айтжамал методис мұғалім атағын алды. 

   1989 – 90 жылы мектепті бірінші рет он бірінші класты 29 оқушы бітірді. 

28 мамыр – 6 маусым аралығында Жезқазған облысында ХХХ республикалық "қазақша күрестен" жарыс болып, облысымыз бойынша 14 оқушы қатысты. Сол он төрттің екеуі Күлмен орта мектебінің оқушылары 53 кг салмақ бойынша Зиятов Рымғазы, 64 салмақ бойынша Айтаев Марат. Зиятов Рымғазы бірінші, Айтаев Марат екінші орын алып, мектепті бір қуантып тастады. 1990 жылы 4 маусымда Бекқожина Бақтыгүлге Аға мұғалім атағы берілді. 

   1990 – 91 оқу жылында 45 оқушы бітірді. Осы оқушылардың ішінен алтын медалмен Ахметжанова Гаухар, Ибраева Динара, күміс медалмен Мұқатаев Асхат бітірді. Осы оқушылардың ішінде Мұқатаев Асхат ауыл Әкімі болып қызмет жасайды. 

   1991 – 92 оқу жылында 34 оқушы мектеп бітірді. Осы оқу жылы аудандық жыл мұғалімі байқауынан Аубакирова Нұрсұлу қатысып І орын жеңіп алды. 

   1992 – 93 оқу жылында 46 оқушы мектеп бітірді. Осы оқушылардың ішінде Мұқатаева Назым үздік аттестатқа ие болы. Осы мектеп бітірушілердің ішінде Имаханова Нәйлә бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайды. Осы оқу жылында Аудандық "Сынып жетекші" байқауына биология пәні мұғалімі Мұқанова Шәрбану қатысып, ІІ орынды иеленді. 

   1993 – 94 оқу жылында мектепті 40 оқушы аяқтады. Осылардың ішінде Елеубекова Нұрғайша, Құрметов Бекзат, Сапақбаева Гүлназ, Орынбеков Нұрлыбек үздік аттестатқа бітірді. Осы оқу жылында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Лаура Ғылымбаева аудандық "Жыл мұғалімі" байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алып І орынды иеленді. Лаура Ғылымбаева "Жоғары санатты 14 категорияға", "ҚР Білім   беру үздігі" атағын алды. Осы оқу жылының түлектері Орынбекұлы Нұрлыбек өзі білім алған мектебінде информатика пәнінің мұғалімі, Сәрсенбаева Шалқар дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді. 

   1994 – 95 оқу жылында 33 оқушы мектеп бітірді. Осы оқушылардың ішінде Ерболова Әсел бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасайды. Осы оқу жылында "Оқу – тәрбие процесін диагностикалы түрде зерттеу" тақырынба облыстық семинар өткізіліп, аудандық білім беру бөлімі тарапынан осы семинарға байланысты М.Әуезоа орта мектебі ұжымына өте жақсы баға берілді. Мектеп директоры А.Желдыбаев жоғары санатты 14 категорияны иеленді. Осы оқу жылында өткізілген аудандық "Жыл мұғалімі" байқауына музыка пәнінен Таутанова Бақтыгүл қатысып бас жүлдеге ие болса, бастауыш пәні мұғалімі Кәкітаева Раушан І орын иеленді. 

   1995 – 96 оқу жылын 16 оқушы мектепті аяқтады. Үздік аттестатпен Желдібаева Альфира, Мақаева Айымгүл, Мұқатаева Айгүл жане Оспанов Ардақ бітірді. Осы оқу жылында өткен аудандық "Жыл мұғалімі" байқауына орыс тілі пәнінің мұғалімі Ахметжанова Шолпан қатысып, ІІ орынды иеленсе, аудандық "Жыл сынып жетекшісі – 96" байқауына қатысқан Қарақабақова Рысжан ІІІ орын алды. 

   1996 – 97 оқу жылында 19 оқушы мектеп бітірді. Осы түлектердің ішінде Кәмелбекқызы Гүлдар химия-биология пәндерінің оқытушысы болыа жұмыс істейді. Осы оқу жылында өткен аудандық "Жыл мұғалімі – 97" байқауына ағылшын пәнінің мұғалімі Құсайнова Гүлжан қатысты. 

   1997 – 98 оқу жылында М.Әуезов орта мектебін 31 оқушы бітіріп, олардың ішінде 3 оқушы үздік аттестат алды. Олар : Желдыбаева Жадыра, Мұқатаева Салтанат, Түйебаева Роза. Осы оқу жылының түлектері ішінде өздері білім алған мектептерінде Телібаева Айжан, Түйебаева Роза өз мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Осы оқу жылында аудандық  "Жыл мұғалімі – 98" байқауына физика пәні мұғалімі Г.Мұсатай қатысып ІІІ орын алды. 

   1998 – 99 оқу жылын 26 оқушы бітірді. Осы оқушыларлың ішінен үздік аттестат алғандар: Р.Айтаева, Г.Елеубекова, Д.Құсайнова. осы оқу жылында "Мектепалды даярлық тобын оқытудың тиімділігі" тақырыбында семинар жоғары деңгейде өтті. "Мектепалды даярлық тобының үздік үлгісі" атты облыстық байқауына қатысқан М.Зиятова ІІ орынды иеленді. Осы оқу жылының түлегі Е.Конкеев Қазақстан Республикасы спорт шебері. 

   1999 – 2000 оқу жылында 44 оқушы мектепті аяқтады. Осы түлектер ішінде үздік аттестапен К.Ермекбаева, Ш.Мұқатаева бітірді. Осылардың ішінен оқу орнын ойдағыдай бітіріп. Білім ордасына ұстаз болып жүрген оқушылар: К.Ермекьаева тарих пәнінен, Р.Желдыбаев бастауыш сынып ұғалімі, Е.Құрманғалиев дене тәрбиесінен сабақ берді. Осы оқу жылында мектепте "Пентиум – 400" жаңа компьютер сыныбы жабдықталды. Мектебімізде тұңғыш рет республикалық Абай, Шәкәрім оқулары өткізіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігі вице – президентә К.Шамшидинова, облыстық білім Департаментінің бастығы С.Ферхо, ҚР Білім және ғылым министрлігі Бас маманы Р.Баттал, ғалым зерттеуші Қ.Бітібаева келіп қалысты. Осы оқу жылы тарич пәні мұғалімі Н.Қонақаева аудандық "Жыл мұғалімі" байқауында ІІІ орын иеленсе, облыстық байқауда ІІІ орын алды. Осы оқу жылы бастауыш сыныптар бойынша өткізілген облыстық олимпиада Толқын Берікбекқызы қазақ тілінен ІІІ орынға ие болды. 

    2000 – 2001 оқу жылында 17 оқушы мектеп бітірді. Олардың ішінде 3 оқушы үздік аттестатқа ие болды: Р.Желдыбаев, М.Жұмадилова, Е.Оспанов. осы оқу жылында аудандық "Жыл мұғалімі – 2011" байқауына бастауыш сынып мұғалімі Карменова Самал қатысты. Бастауыш сынып бойынша өткізілген облыстық олимпиада А.Тайоразова қазақ тілінен ІІІ орын алса, Е.Жұлдызбаев бейнелеу өнерінен ІV орынға ие болды. 

   2001 – 2002 оқу жыылында мектепті 12 оқушы аяқтады. Осы оқу жылында 10 сынып оқушысы Қабланов Қанатхан Республикалық Абай, Шәкәрім шығармалары байқауына қатысып арнайы жүлдеге ие болды. Аудандық"Жыл мұғалімі"  байқауында бастауыш сынып мұғалімі Ә.Әкманова ІІІ орын алды. 

   2002 – 2003 оқу жылында мектепті 26 оқушы аяқтап, олардың ішінде екі оқушы Д.Жікенова, Қ.Сапақбав үздік аттестат алды. Осы оқу жылында өткен "Ауылдың үздік ұстазы – 2003" аудандық байқауында Д.Мажиева ІІІ орын алды. 

   2003 – 2004 оқу жылында 25 түлек мектеп бітірді. 

   2004 – 2005 оқу жылында мектепті 23 оқушы аяқтады. Осы оқу жылында өткен аудандық  "Жыл мұғалімі" байқауына қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Қонақаева І орын иеленді. 

   2005 – 2006 оқу жылында 24 оқушы мектеп бітірді. Осы оқу жылында өткізілген аудандық   "Жыл мұғалімі" байқауларында мектеп ұстаздары Ж.Қонақаева қазақ тіліне бас жүлдені жеңіп алса, И.Сыбанбай география пәнінен ІІ орын, О.Қали математика пәнінен І орынды иеленді. Қазақ тілі мұғалімі Ж.Қонақаева облыстық байқауға қатысып "Жаңашыл ұстаз" номинациясын иеленді. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен облыстық олимпиады А.Базылбекова орыс тілінен ІІІ орын алды. 10 сынып оқушысы Н.Сапақбаев Республикалық Абай, Шәкәрім шығармалары байқауына қатысты.   


1987-2013 жылдары мектеп директоры болып Желдыбаев Ақтайлақ Әймөкешұлы басқарған.

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін мектеп директоры болып осы мектепті 1994 жылы «Үздік аттестатқа» бітірген Орынбекұлы Нұрлыбек басқарып отыр.





Похожие публикации:

08 август 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
28 март 2020 ХАБАРЛАНДЫРУ