Ұстаздарға мың алғыс!!! » Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252) 93-201
Есепші бөлімі:
+7(72252) 93-201
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
апрель
2020

Ұстаздарға мың алғыс!!!

Менің қызым М.Әуезов атындағы орта мектебінде 7-сыныпта оқиды. Қашықтықтан оқытудың бірінші күнінен бастап барлық пәндерден тапсырмалар берілді. Қызым ол тапсырмаларды менің қадағалауыммен өзі орындады. Бұл тұрғыда баланың білім алуына ата-ананың жауапкершілігі зор. Қашықтықтан оқытуда әр пән мұғалімі балаларға жағдай жасап,ватсап желісі арқылы оқушымен тығыз байланыста болып,олардың білімдерін күнделікті тексеріп отырды. Сонымен бірге сынып жетекшісі Маржан Жумагадиловна оқушының білім алуын қадағалап, ата-анамен жұмыс жасап, барлық жаңалықтармен бөлісіп отырды. Мен ата-ана ретінде барлық мектеп ұжымына, мұғалімдерге үлкен алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін! Көп рахмет сіздерге!

Ізгі ниетпен: ата-ана Ерболқызы Роза


Менің балам Бекенов Мәди М.Әуезов атындағы орта мектептің 7сыныбында оқиды. Қашықтықтан оқуды балам жақсы қабылдады. Ұстаздарының берген сабақтарын мұқият қарап, орындап отырды. Балама үйде сабақ оқуға барлық жағдайын жасап отырмыз. Қашықтықтан оқытып отырған ұстаздарға алғыс айтамын. Сынып жетекшісі Зиятова Маржан мұғалімге оқушылармен, ата-аналармен тығыз байланыста болып  отырғанына алғысым шексіз. Мектептегі барлық ұстаздарға алғыс айтамын. 

Ізгі ниетпен: ата -ана Қабланова Назгүл

Менің балам Қожахметов Ерәділ М.Әуезов атындағы орта мектепте 7-сыныпта оқиды. Қашықтықтан оқытуда біз ұстаздармен әрдайым тығыз байланыстамыз. Әрине біраз қиыншылықтар бар, дегенмен балаларымыздың білім алуына үнемі жағдай жасауға тырысамыз. Қашықтықтан оқыту балам үшін қолайлы әдіс болды, ол өз еркімен ізденіп талпынысы жоғарылады. Барлық ұстаздар қауымына және сынып жетекшісі Зиятова Маржан мұғалімге рахмет айтамын.

Ізгі ниетпен: ата-ана Жантурина Бақтыгүл


Менің балаларым Қуантқанов Ерсұлтан мен Қуантқанова Сезім М. Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары. Олар елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты білім беруде ең тиімді жүйе болып отырған қашықтықтан оқыту арқылы білім алуда. Еліміздегі осындай қиын-қыстау заманда ұстаздар қауымы да жаңа формат негізінде жас ұрпаққа білім беруді жалғастыруда. Whatsapp мессенджері арқылы оқушылармен байланыс жасап,   "Daryn.online" мен "Bilimland.kz"  сияқты интернет платформаларын тиімді қолдануға бағыт-бағдар көрсету арқылы оқушылардың білім алуына өз үлестерін қосып отырған сынып жетекшісі М.Зиятова мен пән мұғалімдеріне алғыс айтамыз. Қай заманда да жаңалықтың жаршысы болған ұстаздарға білімді шәкірттерінің көп болғанын тілейміз. Ата-ана ретінде балаларымыздың өз бетінше білім алуына жағдай жасап,  жауапкершілігі мен оқуға деген ынтасын арттыруын қадағалап отырамыз. 

Ізгі ниетпен: ата-ана Құрманғалиев Ербұлан.


Менің балам М. Әуезов орта мектебінің 1-сыныбында оқиды. Қазргі уақытта елімізде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан, ұстазы-Асел Ерболқызы қашықтықтан білім беруде. Бар мүмкіндікті пайдалана отырып, сыныбымен және ата-аналармен үнемі тығыз байланыста. Қашықтық сабақ барысында ешбір оқушы назардан тыс қалмады, мұғалімдері қолдайды, көмектесіп отырды. Педагогикалық ізденісі мол, қазіргі заман талабына сай білім беруде. Және  пән мұғалімдерінің де еңбектері ерекше. Балам жан-жақты білім алуда. Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс айтамын!

Ізгі ниетпен: ата-ана Тайоразова Анаргүл


Менің балам Əсетов Марқұлан М. Әуезов атындағы мектептің 4 сынып оқушысы. Қашықтықтан оқыту тиімді жəне балаға жеңіл болды. Әр сабағын қызығушылықпен оқиды. Аздаған қиындықтарға үйренісіп қалды. Сынып жетекшісіне жəне ұстаздар қауымына көп рақмет айтамын. Алдағы уақытта осы бүкіл əлемге төніп тұрған қауіпті жеңіп, бейбіт өмір сүруді нəсіп етсін. БІЗ БІРГЕМІЗ ! 

Ізгі ниетпен: ата-ана Телібаева Гүлжан

М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Қабдрахманов Мадиярдың қазіргі жағдайға байланысты   қашықтықтан оқуда сынып жетекшісі Сағыбаева Айтолқынға, жеке пән мұғалімдеріне отбасымыздың атынан ризашылығымызды білдіреміз.

ҰСТАЗ ТАЛАНТТЫ БОЛСА, ШӘКІРТІ ТАЛАПТЫ БОЛАДЫ - дегендей менің байқағаным пән мұғалімдерінің тарапынан   оқушыларға өткен тақырыптар бойынша видеолар және тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын оятып өздеріне тарта біледі. Сондықтан балам Мадияр берілген тапсырмаларды ыждағаттылықпен орындайды. Қазіргі уақытта елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп тарапынан техникалық құралдармен (ноутбук, компьютермен) қамтамасыз етіп отырған мектеп директоры Н.Орынбекұлына, оқу ісінің және тәрбие ісінің меңгерушілері Л.Ғылымбаева мен Н.Қарсақбаевтарға РАХМЕТ айтамыз. 

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бойымыздағы табандылық, шыдамдылық сияқты қасиеттерді танытып #BIZBIRGEMIZ дегім келеді.

Ізгі ниетпен: ата-ана Төлеу Жанна


М.Әуезов атындағы орта мектепте балам Қасымов Дамир 9-сыныбында окиды. Қашықтықтан оқуды балам жақсы қабылдады .Ұстаздардың берген сабақтарын мұқият қарап отырды. Балама үйде сабақ оқуға жағдайын жасап отырмыз. Қашықтықтан оқытып отырған ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Елімізде болып жатқан қиын жағдайға қарамай балаларды білім беруден шет қалдырмай, қажымай енбек көрсетіп жатқан сынып жетекшісі Сағыбаева Айтолқынга және мектеп басшыларына алғысымыз шексіз. 

Ізгі ниетпен: ата-ана Кудайберген.Гүлбану.

Елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде болып жатқан қиындықтарға қарамай мектебімізде қашықтықтан оқытуды жоғары дəрежеде ұйымдастырып, оқушыларды қажетті ақпарат пен техникалық құралдармен қамтамасыз етіп  отырған мектеп басшылары - Нұрлыбек Орынбекұлына, Лаура Мансұрқызына, Нұртас Бақдәулетұлына алғысымыз шексіз. "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ-нің оқушылары, қыздарым Орынбекова Ақерке мен Орынбекова Ғайшаны қашықтықтан оқу барысында толыққанды білім нәрімен сусындатып отырған барлық пән мұғалімдеріне алғысым шексіз. "Ұстаздық ету - ұлы қызмет" - демекші, шәкірт тәрбиелеу жолында еңбектеріңіз жана берсін!!!

Ізгі тілекпен: ата-ана Жакина Жадыра


«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп Абай атамыз бекерге айтпаған екен. Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім беріп қана қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап, қажетті кеңестерімен сусындатады. Балаларымыздың осы алып жатқан білімдері, болашақ өмірлеріне азық болады. Менің қызым Кәрім Еркеназ Думанқызы  М.Әуезов атындағы орта мектепте 1-сынып оқиды. Сабақтын аяқталуына бір тоқсан қалсада, елімізде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан ауылымыздың ұстаздары балаларымызды қашықтықтан оқытып, олардың орындаған үй тапсырмаларын қалдырмай тексеріп, жақсы бағаларын қойып, балаларымыздың оқуға деген ынтасын оятып, білімге баулып жатқан сынып жетекшісі Ерболова Әсел мұғалімге және де М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Нұрлыбек Орынбекұлына және де ұстаздар ұжымына Алғыс білдіремін!


Ізгі тілекпен: ата-ана: Кәрімқызы Айдана


Қазіргі болып жатқан төтенше жағдайды барлығымыз түсініп отырмыз. Сол себепті еліміздің барлық мектептері осындай жағдайды ескере отырып, балаларымыздың оқуына жағдай жасап, қашықтықтан оқытуға мәжбүр болып отыр. Сол себепті менде ата-ана ретінде ауылымыздағы М.Әуезов атындағы орта мектептің барлық ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін.

Бірнеше күннен бері балаларым Камалбекова Ақшуақ, Камалбеков Бекнар, Камалбеков Самғар сабақтарын қашықтықтан оқуды бастап, толық қанды білім ала бастады. Бұл процесті балаларым жақсы қабылдап, сабақтарды мұқият тыңдап, орындап, ұстаздарымен тығыз байланыста. Әрине бұл ұстаздар қауымына көптеген  ауыртпашылық түсіріп отыр. Сондықтан М.Әуезов атындағы орта мектептің басшысы - Нұрлыбек Орынбекұлы бастаған ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Бұл жағдайда әр ата-анаға, ұстаздарға үлкен шыдамдылық керек. Осы сәтті пайдаланып баршаңызға сәттілік тілеймін! Бәріміз үшін бұл да үлкен бір-сын. Осы сынды бір кісідей жеңіп, жақсы күнде кездесейік!


Ізгі ниетпен:ата-ана Дүйсембаева Анар







Менің балам Қалиасқаров Ерасыл. М.Әуезов атындағы орта мектептің 9-сыныбында оқиды. Мен ата-ана ретінде мектеп ұстаздарына қашықтан оқытудың қиындықтарына қарамастан балаларымызға керекті білім беріп, осындай қиын уақытта табандылық пен шыдамдылық танытып жатқандарыңызға мың алғыс айтамын! Сынып жетекшісі Айтолқын Сағыбаеваның дұрыс бағыт бағдар беруінің арқасында балаларымыз керекті біліммен сусындады жәнеде мектеп ұстаздар ұжымынада мың алғыс айтамын. Осындай қиын кезеңде қашықтан оқытуды жоғары дәрежеде ұйымдастырып оқушыларды қажетті біліммен сусындатқандарыңызға мың алғыс. Жалпы мектеп ұжымына айтар алғысым шексіз, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Ізгі ниетпен: ата-ана Толқын Қожахметова



Балам Доғалбеков Темірлан М.Әуезов атындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқушыларымыз қашықтықтан оқуға мәжбүр болып отыр. Осындай қиын қыстау кезінде баламызға білім беріп отырған мектептің ұстаздар қауымына және қашықтан оқуға байланысты бағыт бағдар беріп отырған  мектеп басшылары Орынбекұлы Нұрлыбекке, Лаура Мансұрқызына және сынып жетекшісі Баян Төлеуғазықызына алғысымыз шексіз. Бұл жағдайда әр ата-анаға, әр оқушыға, ұстаздарға шыдамдылық пен сабырлық қажет. Ата-ана ретінде бізде баламызға өз бетінше білім  алуына жағдай жасап, тиянақты білім алуын қадағалап отырамыз.


Ізгі ниетпен: ата-ана: Нұрланқызы Найла


Менің балам Гафизов Нұрдəулет М.Əуезов атындағы орта мектептің 3"ə"-сынып оқушысы. Сынып жетекшісі Əкманова Əлия жəне пəн мұғалімдеріне алғысым шексіз.Осы қиын қыстау кезде қашықтықтан білім беру балаларымызға ең тиімді жол деп ойлаймын. "Балапан" арнасынан көрсететін сабақтарды мұқият тыңдайды жəне DarynOnline платформасымен жұмыс жасай алады. Сабаққа деген жауапкершілігі одан сайын артты. Ұстаздар баламның толық қанды білім алуына барлық көмектерін беруде, ата-анамен тығыз байланыста. Сол үшін де Ұстаздарға рахмет! Еңбектеріңіз жаңа берсін!!


Ізгі ниетпен: ата-ана Оразбаева Анаргуль


Менің балам Тиыштыбаева Айша М.Əуезов атындағы орта мектептін 3-ə сынып оқушысы. Төтенше жағдайға байланысты балаларымыз қашықтықтан білім алуға көшіп отыр. Ата-аналар карантин кезінде балалардың оқуы тоқтап қалмай, білім алып жатқандарына  қуаныштымыз. Қашықтықтан оқытудың бірінші күнінде кестеге сай, таңғы сағат 9:40-та балапан арнасынан сабақ өткізілді. Теледидардағы мұғалім апайдын айтқан тапсырмалары көп көмегін тигізді. Үй тарсырмасын орындау жеңілірек болды. Сынып мұғалімдері ватсап арқылы сабақтар жүргізіп, баламыздың білімін шыңдады. Ұстаздарға мың алғыс айта отырып, басымызды иеміз. Бізде өз тарапымыздан ата-ана болып ұстаздарымызға қолымыздан келгенше көмектесеміз. Аман болыңыздар!


Ізгі ниетпен: ата-ана Ғадуллина Қарақат









М.Әуезов атындағы орта мектебінің қашықтықтан оқытуда білім саласында қызмет етіп, ертеңгі елдің саналы ұрпағын тәрбиелеп жүрген әрбір ұстаздарға айтар алғысым шексіз.

Ерекше атап өтетін болсам, 3ә сынып жетекшісі Әкманова Әлия Төлеубекқызына балам Жеделбеков Жансерікті білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп отырғаныңызға мың алғыс!!!

Ізгі ниетпен: ата-ана Толеуқоңырова М.А


Мен балам Сыпатаева Бағжан М. Әуезов атындағы орта мектептің 5 сыныбында оқиды. Қашықтықтан оқуды балам жақсы қабылдады. Ұстаздарының берген сабақтарын мұқият қарап, орындап отырады. Балама үйде сабақ оқуға жағдайын жасап отырмыз. Қашықтықтан оқытып отырған ұстаздарға алғыс айтамын. Сынып жетекшіміз Мажиева Динар мұғалімге оқушыларымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болып отырғанына айтар алғысымыз шексіз. 

Ізгі ниетпен: ата-ана Сыпатаева Дидар


М.Әуезов атындағы орта мектебінің қашықтықтан оқытудағы пән мұғалімдеріне еңбектеріне табыс тілеймін. Менің немерем 5- сынып оқушысы. Сынып жетекшісі Мәжиева Динар мұғалім сізге айтар алғысым шексіз. Сізді ұстаз деген ұлағатты атқа лайықты жан деп білем.

Қымбатты ұстаздар! Осындай қиын кезеңде, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!

Ізгі ниетпен: ата- ана Смағұлова Еркежан


Менің балам Мұқаш Сая М.Әуезов атындағы орта мектебінде 6а-сыныбында оқиды. Әлемде болып жатқан қиындыққа қарамай, баламның саналы білім меңгеруіне үлес қосып жатқан осы мектептің барлық мұғалімдеріне мың алғыс. Әрине мектепте білім алғанға ештеңе жетпейді. Бірақ қашықтан оқуды ақырындап меңгерді. Осы еңбектері үшін пән мұғалімдері мен сынып жетекшісі Желдібаева Альфира мұғалімге мың алғыс. Біз біргеміз, біз үйдеміз!

Ізгі ниетпен: ата-ана Мұқаш Риза


М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы балам Мейрамғалиев Амантайдың қашықтықтан оқуда толық қанды білім нәрімен сусындатып отырған сынып жетекшісі Түйебаева Розаға және пән мұғалімдеріне алғысым шексіз. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға" - дегендей осындай қиын кезеңде, талмай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін!

Ізгі тілекпен: ата-ана Т. Т. Сулейменова


М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып окушысы балам Думанулы Ернұрдың қашықтықтан оқытуда толық қанды білім нәрімен сусындатып отырған сынып жетекшісі Туйебаева Розаға алғысымыз шексіз. Ата-аналарды, сынып оқушыларын окуға дайындап, түсінік жұмыстар жүргізіп, қиын кезде колдап, талмай еңбек етіп жүреді. Сізге жұмысыңыздын жемісін көрініз және зор денсаулық   тілеймін!

Ізгі ниетпен: ата-ана Әкімжанова Замира


Менің балаларым М.Əуезов атындағы орта мектебінде білім алуда. Қазіргі жағдайға байланысты болып жатқан қашықтықтан оқу басында қиынырақ болғанымен қазір балам үйренді. Баламның толық білім алу үшін жағдайын жасап отырмыз. Ұстаздары баламмен үнемі тығыз байланыста отырады Ұстаздары сабақты жақсы түсіндіреді. Балама қашықтықтан оқуына ешқандай қиындық жоқ. Барлық ұстаздар қауымына жəне сынып жетекшісі Желдібаева Альфираға алғысымызды білдіреміз.

Ізгі тілекпен: ата-ана Жұлдызбаев Нұрбол


Мен М.Әуезов атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушысы Хакім Әділжанның анасы ретінде сынып жетекшіміз Карменова Самал мұғалімге мың алғысымды білдіремін. Қашықтықтан оқуды балам тез игерді, сонда да мектепте ұстаздармен білім алғанға жетпейді. Себебі ұстаздардың беретін білім нәрін, біз ұстаздардай сіңіре алмаспыз. Сондықтан да ұстаздарға алғысым шексіз. Осындай қиын сәтте ұстаз болудың қиын екенін түсіндік және әрқашан М Әуезов атындағы орта мектебінің ұжымына түсіністікпен қараймыз! Біз сіздермен біргеміз ҰСТАЗДАР!!!

Ізгі ниетпен: ата- ана Смағұлов Марат


Менің балам Әкімбек Абзал М.Әуезов орта мектебінің 7-сынып оқушысы. Балам қашықтықтан оқуға барынша қалыптасып меңгеріп жатыр. Осы орайда ұстаздардың еңбегін ерекше бағалаймын, ұстаздарға көп рахмет! Ата-ана ретінде барынша жағдайын жасап жатырмыз, әсіресе сынып жетекші Зиятова Маржан үнемі бізбен және оқушыларымен тығыз байланыста. Мектеп ұжымына көп-көп рахмет!

Ізгі ниетпен: ата ана Шәкерім Ләззат