18
декабрь
2023
Желдыбаев Ақтайлақ Әймөкешұлы атындағы аудан мұғалімдері арасында волейбол жарысы өтт
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай аудандық білім бөлімі мен М .Әуезов атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ауылымыздың білім,мәдениет,спорт салаларының дамуына ерекше үлес қосқан ардагер ұстаз Желдыбаев Ақтайлақ Әймөкешұлы атындағы аудан мұғалімдері арасында волейбол жарысы өтті. Жарысқа 8 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша
🥇l-орын Абай ауданының спорт мектебі
🥈 ll-орын М.Әуезов атындағы орта мектебі
🥉lll-орын Қарауыл гимназиясы иеленді.Жүлдегер командаларға ауыл азаматтары,жастары және ардагер ұстаздың жанұясы демеушілік көрсетіп 200.000,150.000,100.000теңге көлемінде жүлделер табысталды. Аудандық білім бөлімінің атынан Жарылғапов Мақсат қатысып білім бөлімі басшысының алғыс хаттары мен сый-сияпаттарын табыстады. Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Мұқатай Асхат Амантайұлы ардагер ұстаз Ақтайлақ Әймөкешұлына шапан жауып,алғыс хатпен марапаттады. М.Әуезов атындағы орта мектебінің ұжымы ардагер ұстазға арнайы шапан жауып, ұстазға және келген қонақтарға құрмет көрсетті. Осы орайда мектеп басшысының атынан ауыл жастарына және жекелеме демеушілік көрсеткен аға-бауырларға Зор алғыс айтылып, Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
https://www.instagram.com/p/C0-5tjxN5kN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==