“Үздік ауыл мұғалімі” конкурсының мектепішілік кезеңі » Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252) 93-201
Есепші бөлімі:
+7(72252) 93-201
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2025

“Үздік ауыл мұғалімі” конкурсының мектепішілік кезеңі

2025 жылдың 16 қаңтар күні “Абай облысының білім басқармасы” ММ “Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы” КММ жоспарына сәйкес “М.Әуезов атындағы орта мектебі” КММ-де “Зерде” шығармашылық тобының ұйымдастыруымен “Үздік ауыл мұғалімі” конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты: ауылдық, елді мекендегі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын белсендіру, іс-тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасау. Кәсіби конкурсқа 5 педагог қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды:
🏆Бас жүлде - Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна тарих пәнінің мұғалімі;
🥇1 орын - Акманова Алия Төлеубекқызы бастауыш сынып мұғалімі;
🥈2 орын - Имахан Күлзира Шәріпханқызы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
🥉3 орын - Мухатова Лайла Шалабаевна физика пәнінің мұғалімі, Бекбаева Балжан Гизатбековна музыка пәнінің мұғалімі.
Конкурстың аудандық кезеңіне қатысуға тарих пәнінің мұғалімі Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна жолдама алды.
Құттықтаймыз! 💐💐💐Кенжегүл Несиптаевнаға аудандық кезеңде сәттілік тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DE61xLpOOR9/​​​