«Білім беруді цифрландыру және ұлттық құндылық» тақырыбындағы аудандық семинар » Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72252) 93-201
Есепші бөлімі:
+7(72252) 93-201
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2025

«Білім беруді цифрландыру және ұлттық құндылық» тақырыбындағы аудандық семинар

Абай ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес "М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-де 2025 жылдың 30 қаңтар күні «Білім беруді цифрландыру және ұлттық құндылық» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Сабақтарда жасанды интеллект мен цифрлық технологиялар шешімдерін пайдалану арқылы материалды тиімді меңгеру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Құндылыққа негізделген тәсілдерді негізгі оқу пәндеріне кіріктіру.
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан және жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұстаздардың іс-тәжірибелерін аудан көлемінде насихаттау.
Семинар 3 бөлімнен тұрды.
1. Практикалық бөлім: үлгі сабақтар өткізу;
2. "Әдістемелік шеберхана"
3. «Тәжірибелік алаң»
Семинарда бастауыш сынып мұғалімі С.Карменова 2-сыныпта жаратылыстану пәнінен «Судың қасиеті». зертханалық сабақ ,
Математика пәні мұғалімі Р.Түйебаева 8ә-сыныбында алгебра пәнінен «Теңдеулерді шешу» тақырыбында интеграцияланған сабақ,
География пәнінен Т.Мурсалимова 8а-сыныбында «Мұхиттардағы тіршілік дүниесі. Өкілдіктері мен жануарлар дүниесін қорғау» Жобалық сабақ.
Химия пәнінен А.Кабышева 7- сыныпта Табиғи қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар. Зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау". Зертханалық сабақ өткізді.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау-ұлағатты іс» интеллектуалды сайысын 5 –сынып жетекшісі М.Спатай,
«Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің негізгі өзегі» тақырыбында «Exchange» ДТІЖО Н.Карсакбаев пен психолог Г.Рахметова тәжірибе алмасуды,
Балалар кітапханасы жобасы бойынша «Оқитын ата-ана,оқитын бала» интеллектуалды ойынды кітапханашы А.Сабырбековалар өткізді.
«Әдістемелік шеберхана» бөлімінде Республикалық, облыстық ғылыми жоба сайысында физика математика, жаратылыстану, орыс тілі, информатика пәндері бойынша жүлдегер оқушылардың QR код, Instagram,Telegram арқылы
таныстыру; Облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаз оқушылары презентация, видеоролигі;
Республикалық Махамбет оқуларының жеңімпазы А.Талғарұлының сурет көрмесі;
STEM әдісі, Робототехника , жобалық жұмыс;
Үздік педагогтер іс-тәжірибесі ;
Пән бірлестіктері бойынша мұғалімдер жұмысы;
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалар көрсетілді.
«Шеберлік алаңында» «ЖИ сабақта тиімді қолдану жолдары» тақырыбында музыка пәні мұғалімі Б.Бекбаева шеберлік сағатын өткізді.
Семинарда мұғалімдер жасанды интеллект, "Educapley","talkingo.de" "Coogle таблица ", "AR studio", "Padlet" "Wordwall","D-id" "Emaze" т.б платформаларын сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда қолданды.
«Цифрлы ұстаз-заманауи көзқарас» тақырыбымен Г.Кусаинова мен А.Желдибаевалар семинарға қатысушы педагогтермен кері байланыс жасап, ЖИ арқылы рефлексия мен бағалау жүргізді.
Семинарға аудан мектептерінен бастауыш сынып, информатика, география, математика, қазақ тілі, химия, физика, биология пәні мұғалімдері, ДОТІЖ және ДТІЖО мен тәлімгерлер, білім бөлімінің әдіскері, жиыны 43 педагог қатысты.
Семинарды Абай ауданы білім бөлімінің басшысы Б.Н.Скакова қорытындылап, семинарда шеберліктерімен танылған мұғалімдерге іс тәжірибелерінің аудан көлемінде насихатталғанын растайтын сертификаттарын тапсырды. Сонымен қатар мектеп директоры мен мектеп ұжымын аудандық семинарды жоғары деңгейде өткізгені үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
https://www.instagram.com/reel/DFfnKxAh3MB/​​​