«Лучший ауыл мұғалімі» облыстық конкурстың мектепішілік кезеңі өтті. » Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектебі"
отдела образования Курчумского района
Приемная
+7(72252) 93-201
Бухгалтерия
+7(72252) 93-201
Версия для
слабовидящих
19
январь
2024

«Лучший ауыл мұғалімі» облыстық конкурстың мектепішілік кезеңі өтті.

«М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ-де 2024 жылдың 18 қаңтар күні «Лучший ауыл мұғалімі» облыстық конкурстың мектепішілік кезеңі өтті.
Мақсаты: ауыл мектептеріндегі педагогтердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату,жаңашыл педагогтің моделін анықтау.
Мектепішілік конкурсқа білім алушылардың табысқа жету мүмкіндіктерін арттыруға қызмет жасап жүрген шығармашыл алты педагог қатысты.
Педагогтің кәсіби өсу картасы,педагогикалық тәжірибелер панорамасы,ашық диалог алаңы тәрізді конкурс тапсырмаларын орындауда кәсіби деңгейі жоғары педагогтер анықталды.
1-орын математика пәнінің мұғалімі Д.Мажиева
2-орын математика пәні мұғалімі М.Спатай
3-орын бастауыш сынып мұғалімі Н.Нұрланқызы
Химия пәнінің мұғалімі А.Кабышева,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Телібаева және М.Зиятовалар Алғыс хаттармен марапатталды.
«Лучший ауыл мұғалімі»конкурсының аудандық кезеңіне
https://www.instagram.com/reel/C2RrPR7tO0s/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​